Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE Директорлар кеңесі "KMF Банк" АҚ-ны "валюталық" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдады
/KASE, 03.11.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2025 жылдың 31 қазандағы шешімімен "KMF Банк" АҚ (Алматы) "валюталық" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды.
Осы санат бойынша мүшелік шетел валюталарымен биржалық сауда- саттыққа қатысу құқығын береді.
Директорлар кеңесінің осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
[2025-11-03]