/ҚАЙТАЛАУ/ KASE ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАШАСЫНА АРНАЛҒАН ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ
/KASE, 03.11.25, 29.10.25 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-ге айналысқа жіберілгендер қатарынан 2025 жылдың қараша айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының инвестициялық қорларының акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2025 жылдың 23 қазанындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.
2025 жылдың 01-30 қарашасы аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздар тізіміне 78 атаудағы бағалы қағаздар кіреді. 2025 жылдың қазанында құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:
1) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "Fixed Income USD"ИИПҚ KZPF00000082 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FFIN_or) пайлары;
2) Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акциялары;
3) Newmont Corp. US6516391066 ("KASE Global" секторы, NEM_KZ) жай акциялары;
4) The Boeing Company US0970231058 ("KASE Global" секторы, BA_KZ) жай акциялары;
5) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акциялары;
6) базалық активі "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) жай акциялары болып табылатын US0090632078, US0090631088 ("туында бағалы қағаздар" секторы, AIRAd) жаһандық депозитарлық қолхаттар;
7) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422 ETF ("KASE Global" секторы, LQD_KZ);
8) iShares 20+ Year Treasury Bond ETF US4642874329 ("KASE Global" секторы, TLT_KZ) ETF.
2025 жылдың қараша айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ толығырақ
2025 жылдың қазан айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-11-03]