KZ
1 қараша 2025, 04:53
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.10.2025 15:12 #Қаржы құралдары

03 қарашадан бастап "GoldFinMarket" Ломбард" ЖШС KZ2P00014269 (MFLGb18) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

/KASE, 31.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 03 қарашасынан бастап "GoldFinMarket" Ломбард" ЖШС KZ2P00014269 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFLGb18; 1 000 теңге, 600,0 млн теңге; 30.10.25 – 30.10.26; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

[2025-10-31]