KZ
1 қараша 2025, 04:52
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.10.2025 12:38 #Индекстер мен индикаторлар

30 қазанда KASE Индексінің мәні 1,32 %-ға 7 036,28 тармаққа дейін өсті

/KASE, 31.10.25/ – 2025 жылдың 30 қазанында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен сауда-саттық қорытындылары бойынша KASE Индексінің мәні 91,56 тармаққа (1,32 %) 6 944,72 тармақтан 7 036,28 тармаққа дейін өсті

Күннің алғашқы мәмілесі индекстің мәнін 6 944,69 деңгейінде тіркеді. Сауда- саттық барысында Индекстің максималды мәні – 7 046,94 тармақты, минималдысы – 6 937,67 құрады.

KASE Индексінің өкілдік тізіміне енгізілген акциялармен мәмілелер көлемі 30 қазанда алдыңғы сауда-саттық күніне қатысты 18,2 %-ға төмендеп, 564,2 млн теңгені (1 064,4 мың USD) құрады.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE Индексінің есептік базисінің динамикасы

--------------------------------------------------------
                  Жабылу бағасы,                        
           Бір акцияға теңгемен*                        
Акциия-ның ---------------------   Баға- Индекске "ықпал
сауда-с.   ---------- ----------     ның           ету" 
коды       30.10.2025 29.10.2025 өзг., %        үлесі, %
---------- ---------- ---------- ------- ---------------
AIRA           847,12     845,02    +0,2             5,6
CCBN         4 729,97   4 550,05    +4,0            17,0
HSBK           350,59     350,01    +0,2            14,1
KCEL         3 345,10   3 360,00    -0,4            10,2
KEGC         1 421,50   1 425,60    -0,3             2,6
KMGZ        22 372,99  21 912,00    +2,1            15,4
KSPI        41 752,00  41 649,00    +0,2            12,2
KZAP        30 200,00  29 471,50    +2,5            17,8
KZTK        38 800,00  38 510,01    +0,8             3,5
KZTO           849,99     852,01    -0,2             1,5
--------------------------------------------------------
* Акцияның жабылу бағасы сауда-саттық аяқталған кезде күніне бір рет 
  анықталады және сауда-клирингілік жүйелерде Сауда-саттықты өткізу 
  әдістері туралы қағидаға сәйкес осы атаудағы акциялар бойынша жабылу 
  аукционында қалыптасқан баға ретінде анықталады. Егер аукцион 
  барысында жабылу бағасы анықталмаса немесе мұндай аукцион 
  өткізілмесе, онда жабылу бағасы ретінде соңғы мәміленің бағасы 
  пайдаланылады.

KASE Индексінің өзгеруі

--------------------------------------------------------------------
                                                             Өзгеру:
                                                 ----- -------------
Кезең                                            %-бен жылдық %-бен*
------------------------------------------------ ----- -------------
Соңғы айда                                        -1,6         -19,3
Ағымдағы жылдың басынан бастап (01.01.25 бастап) +26,1         +31,5
Соңғы 365 күнде (жыл)                            +34,9         +34,9
2024 жылда                                       +33,2         +32,9
2023 жылда                                       +28,8         +28,9
--------------------------------------------------------------------
* кірістілік actual/365 базис бойынша есептеледі

Қандай да бір күні KASE Индексінің мәні ретінде осы күні KASE-де тіркелген Индекстің соңғы мәні пайдаланылады.

Естеріңізге сала кетейік, KASE Индексінің мәні осы индексті есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерін капиталдандыруды және еркін айналымдағы (free float) осы акциялардың санын ескере отырып көрсетеді.

KASE Индексінің мәні сауда-саттық күні ішінде осы Индексті есептеу үшін өкілдік тізімдегі атаулардың акцияларымен мәмілелер жасалуына қарай есептеледі. Сауда-саттық күні ішінде параметрлері KASE Индексінің мәнін есептеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәмілелер болмаған кезде мұндай есептеу мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері пайдаланылады.

KASE Индексінің беті KASE интернет-сайтында мына мекенжай бойынша қолжетімді толығырақ

Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесінің мәтіні мына мекенжайда жарияланды толығырақ

Акциялардың эмитенттерінің атаулары бар сауда-саттық кодтарының толық тізімі мына мекенжайда келтіріледі толығырақ

[2025-10-31]