KZ
31 қазан 2025, 02:18
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.10.2025 17:07 #Сауда-саттық ақпараты

30 қазанда Қазақстан қор биржасында жеті облыс пен Шымкент қаласының әкімдіктері 55,6 млрд теңге тартты

/KASE, 30.10.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының 10 шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды:

1) Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000192 (SHK120_019; 1 000 теңге, 1 795 994 000 теңге; 30.10.25 – 30.10.35; жылдық купон, жылдық 18,90%; 30/360) 1,8 млрд теңге;

2) Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000200 (SHK120_020; 1 000 теңге, 7 237 793 000 теңге; 30.10.25 – 30.10.35; жылдық купон, жылдық 18,90%; 30/360) 7,2 млрд теңгеге;

3) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002400 (KOK120_240; 1 000 теңге, 1 853 542 000 теңге; 30.10.25 – 30.10.35; жылдық купон, жылдық 18,90% ; 30/360) 1,9 млрд теңгеге;

4) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002848 (KOK120_284; 1 000 теңге, 3 568 752 000 теңге; 30.10.25 – 30.10.35; жылдық купон, жылдық 18,90% ; 30/360) 3,6 млрд теңгеге;

5) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002806 (сектор "государственные ценные бумаги", DZK120_280; 1 000 теңге, 16 533 465 000 теңге; 30.10.25 – 30.10.35; жылдық купон, жылдық 18,90% ; 30/360) 16,5 млрд теңгеге;

6) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002814 (PVK120_281; 1 000 теңге, 7 153 744 000 теңге; 30.10.25 – 30.10.35; жылдық купон, жылдық 18,90% ; 30/360) 7,2 млрд теңгеге;

7) Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002822 (UTK120_282; 1 000 теңге, 2 165 236 000 теңге; 30.10.25 – 30.10.35; жылдық купон, жылдық 18,90% ; 30/360) 2,2 млрд теңгеге;

8) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002855 (KGK120_285; 1 000 теңге, 5 000 000 000 теңге; 30.10.25 – 30.10.35; жылдық купон, жылдық 20,20 % ; 30/360) 5,0 млрд теңгеге;

9) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002863 (ZKK120_286; 1 000 теңге, 1 750 289 000 теңге; 30.10.25 – 30.10.35; жылдық купон, жылдық 20,20 % ; 30/360) 1,8 млрд теңгеге;

10) Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002830 (ABK120_283; 1 000 теңге, 8 499 384 000 теңге; 30.10.25 – 30.10.35; жылдық купон, жылдық 18,90% ; 30/360) 8,5 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілеріндегі тұрғын үйлерді және (немесе) пәтерлерді салуды және (немесе) сатып алуды, сатып алуды қаржыландыру, сарқынды суларды тазарту құрылыстарының кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салу және жаңғырту (реконструкциялау, күрделі жөндеу) мақсатында шығарылды.

[2025-10-30]