KZ
2 қараша 2025, 13:37
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.10.2025 12:16 #Қаржы құралдары

2025 жылғы 30 қазаннан бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ ЖШС-ның төрт облигация шығарылымы KASE-нің балама алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 30.10.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2025 жылғы 28 қазанда Алматы қаласында тіркелген "Swiss Capital (Свисс Капитал)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның келесі облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңының "облигациялар" санатына енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00015746 (MFSCb6; $100; $5,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 10,50 %; 30/360);

2) KZ2P00015738 (MFSCb7; $100; $5,0 млн; 1,5 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 10,50 %; 30/360);

3) KZ2P00015712 (MFSCb8; 1 000 теңге; 3,0 млрд теңге; 1,5 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 21,50 %; 30/360);

4) KZ2P00015720 (MFSCb9; 1 000 теңге; 3,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 21,50 %; 30/360). Аталған Листингтік комиссия шешімі 2025 жылғы 30 қазаннан бастап күшіне енеді.

Осы облигациялар бойынша KASE-дегі сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады.

KZ2P00015746 және KZ2P00015738 шығарылымдары 2023 жылғы 10 шілдеде 50,0 млн АҚШ доллары көлемінде тіркелген бірінші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі үшінші және төртінші шығарылымдар болып табылады.

KZ2P00015712 және KZ2P00015720 шығарылымдары 2023 жылғы 2 тамызда 25,0 млрд теңге көлемінде тіркелген екінші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі екінші және үшінші шығарылымдар болып табылады. Аталған облигациялар шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ [2025-10-30]