KZ
30 қазан 2025, 21:47
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.10.2025 09:30 #Қаржы құралдары

АҚШ Қаржы министрлігінің US912797NA14 (US160_2510) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 30.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 қазанынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912797NA14 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US160_2510; $300 165,0 млн; 31.10.24 – 30.10.25; actual/360) дисконттық халықаралық облигацияларының айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2025 жылдың 25 сәуірінен бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық 2025 жылдың 19 мамырынан бастап ашылды.

[2025-10-30]