30 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының үш шығарылымымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 29.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 қазанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) US91282CBH34 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_62_2601), есеп айырысу күні 2026 жылдың 30 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2026 жылдың 02 ақпанынан бастап қайта басталады;
2) US91282CJV46 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US150_2601), есеп айырысу күні 2026 жылдың 30 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2026 жылдың 02 ақпанынан бастап қайта басталады;
3) US91282CMH15 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US168_2701), есеп айырысу күні 2026 жылдың 30 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2026 жылдың 02 ақпанынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2025-10-29