Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30 қазаннан бастап "Smart Leasing" ЖШС KZ2P00015290 (SMTLb1) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 29.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 қазанынан бастап "Smart Leasing" ЖШС KZ2P00015290 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, SMTLb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 24.10.25 – 24.10.28; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
[2025-10-29]