Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30 қазаннан бастап "МеталлИнвестАтырау" ЖШС KZ2P00015803 (MIATb3) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 29.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 қазанынан бастап "МеталлИнвестАтырау" ЖШС KZ2P00015803 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MIATb3; $100; $5,5 млн; 28.10.25 – 28.10.28; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
[2025-10-29]