KZ
2 қараша 2025, 12:07
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.10.2025 11:03 #Қаржы құралдары

29 қазаннан бастап "Bank RBK" Банкі" АҚ KZ2C00015873 (INBNb17) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 29.10.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 28 қазанында "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00015873 (INBNb17; 1 000 теңге, 18 567 218 000 теңге; 7 жыл, жылдық купон, жылдық 4,00 %; 30/360) облигациялардың негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 29 қазанынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2022 жылдың 24 тамызында 500,0 млрд теңге сомасына тіркелген үшінші облигациялық бағдарлама шеңберінде бесінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-10-29]