Қазақстанның қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында жазылым өткізу арқылы бес жылдық XS3212533262, US486661BQ34 (KZ_26_3010) халықаралық облигацияларын жылдық 4,412 %-бен орналастыра отырып, $196,5 млн тартты
/KASE, 28.10.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылдың 21 қазанында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің XS3212533262, US486661BQ34 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_26_3010; $1,5 млрд; 28.10.25 – 28.10.30, жартыжылдық купон; 30/360) халықаралық облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраным параметрлері және KASE жазылым нәтижелері келтірілген.
KASE-де көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде бірлескен букраннер ретінде "Teniz Capital Investment Banking" АҚ әрекет етті.
--------------------------------------------------------------- СҰРАНЫС ПАРАМЕТРЛЕРІ: --------------------------------------------- ----------------- Қатысушылар саны: 7 Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді), 10 / 10 оның ішінде: – шектелімді: 5 / 5 – нарықтық: 5 / 5 Белсенді өтінімдер көлемі*, АҚШ доллары: 251,1 оның ішінде: – шектелімді: 184,6 – нарықтық: 66,5 --------------------------------------------------------------- * белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде, Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 77,7 %, өзге заңды тұлғадлардың үлесіне – 22,3 % тиесілі болды.
ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
------------------------------------------------- ----------------- Қанағаттандырылған өтінімдердің, облигациялардың 196 500 000 көлемі: Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, 196 500 000,0 АҚШ доллары: Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, ҚР Ұлттық 105 742 545 000,0 Банкінің 28 қазандағы бағамы бойынша теңгедегі баламасы: Қанағаттандырылған өтінімдер саны: 7 Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 6 Облигацияларждың сатып алушы үшін өтеуге 4,4120 кірістілігі, жылдық %: -------------------------------------------------------------------
Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 99,2 % – банктер, 0,8 % – өзге заңды тұлғалар сатып алды.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.
ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:
--------------------------------- ------------------------ Жазылым күні: 21.10.25 Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді және нарықтық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 13:00–20:30 Мәмілелер жасалған күн: 28.10.25 Есеп айырысуды жүзеге асыру күні: 28.10.25 ----------------------------------------------------------
[2025-10-28]