28 қазан күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ KZKD00000659 (MUM180_0008) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 28.10.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 30 қазанда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00000659 (MUM180_0008) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 8 362 194 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 83,2603 % (кірістілік – жылдық 17,15 %) деңгейінде белгіледі.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 қазанда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 2 жыл МЕУКАМ KZKD00000659 (MUM180_0008) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-10-28]