"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ қытайлық юаньмен еурооблигациялардың дебюттік шығарылымына өтінімдер кітабын сәтті жапты
/KASE, 24.10.25/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
24 қазан 2025 жыл
2025 жылы 23 қазанда "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ") купондық мөлшерлемесі 2,950% және кірісі 3,150 % болатын көлемі 1,25 млрд юань (Reg S only форматы) бес жылдық қамтамасыз етілмеген аға облигациялары шығарылымына өтінім кітабын жапты. Алғашқы шығарылым ҚМГ-ның жуырда әзірленген орта мерзімді ноталары бағдарламасы аясында 10 000 000 000 юань (CNY 10 000 000 000 medium Term note Programme) сомасына жүзеге асырылды. Шығарылымның Moody's агенттігі берген Baa1 кредиттік рейтингісі бар, ол эмитенттің рейтингіне сәйкес келеді. Орналастыру 2025 жылдың 30 қазанына жоспарланған.
ҚМГ 20 қазандағы жағдай бойынша BOC International, Bank of China (Hong Kong), China CITIC Bank International, China International Capital Corporation және Citi банктерін бірлескен жаһандық үйлестірушілер, букраннерлер және жетекші менеджерлер ретінде, ал SkyBridge Invest компаниясын Қазақстан тарапынан жетекші менеджер ретінде тағайындады. Сонымен қатар BOCOM International, ICBC (Asia) және Industrial Bank Co., Ltd. Hong Kong Branch банктері бірлескен жетекші менеджерлер және бірлескен букраннерлер ретінде тартылды. Аталған ұйымдар 21 қазаннан бастап Азиядағы қарыз құралдары нарығы инвесторларымен гибридті форматтағы кездесулер сериясын ұйымдастырды. Бұл тағайындаулар non-deal roadshow (мәмілесіз таныстырылым) аясында инвесторлармен өткізілген кең ауқымды кездесулер және якорлық инвесторлармен жүргізілген келіссөздерден кейін болды.
Бұл шығарылым ҚМГ үшін еурооблигациялар нарығындағы төмен кірістің рекордтық көрсеткішін қамтамасыз етті және ҚМГ-ның қытай юань нарығындағы алғашқы қадамына айналды. Бұл ҚМГ-ға кредит портфелін әртараптандыруға, жаңа инвесторлар пулына қол жеткізіп және Қытай нарығына шығуға мүмкіндік берд.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2025-10-24]