KZ
25 қазан 2025, 15:23
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.10.2025 11:50 #Сауда-саттық ақпараты

29 қазан күні Қазақстан қор биржасында "Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ 8,3 млн KZ2C00015071 (PRKRb11) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 24.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 29 қазанын KASE сауда-саттық жүйесінде "Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00015071 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, PRKRb11) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.

------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигации                   
ISIN:                                     KZ2C00015071                         
KASE сауда-саттық коды:                   PRKRb11                              
Номиналды құны, теңге:                    1 000,00                             
Шығарылым көлемі, теңге:                                                       
– тіркелген:                              27 237 000 000                       
– орналастырылған:                        17 908 491 000                       
Айналымның басталу күні:                  25.09.25                             
Айналымның соңғы күні:                    24.09.26                             
Өтеудің басталу күні:                     25.09.26                             
Өтінім беру мерзімі:                      360 күн                              
Купон мөлшерлемесі:                       жылдық 19,00 %                       
Купондарды төлеу мерзімділігі:            жылына 4 рет                         
Купондарды төлеудің басталу күндері:      2025 жылдың 25 желтоқсанында,        
                                          2026 жылдың 25 наурызында,           
                                          25 маусымында, 25 қыркүйегінде       
Уақыттық база:                            30 / 360                             
----------------------------------------- ------------------------------------
Сауда-саттық күні:                        24.10.25                             
Өтеуге дейін мерзімі:                     326 күн                              
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 8 306 258 000                        
Лот мөлшері, дана.:                       1                                    
Сауда-саттық заты:                        "таза" баға                          
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                           
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                                
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–15:00                          
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–15:00                          
Кесімдеу уақыты:                          15:30 (Т+0)                          
Төлем күні мен уақыты:                    29.10.25, 15:30                      
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең       
                                          немесе одан төмен өтінімдер          
                                          кесімделеді                          
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    кесімдеу бағасына тең немесе         
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:        сатушы үшін неғұрлым тиімді болып    
                                          табылатын, шектелімді қарсылама      
                                          өтінімдердің бағалары бойынша        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау       
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                       
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Teniz Capital Investment Banking" АҚ
-------------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі толығырақ

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-10-24]