Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 (EBRDe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 22.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 23 қазанынан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe20) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2025 жылдың 24 қазанында шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын кері сатып алуды өткізуге байланысты тоқтатыла тұрады.
[2025-10-22]