KZ
22 қазан 2025, 21:10
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.10.2025 11:00 #Қаржы құралдары

22 қазаннан бастап "МеталлИнвестАтырау" ЖШС KZ2P00015803 (MIATb3) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 22.10.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 20 қазанында "МеталлИнвестАтырау" ЖШС KZ2P00015803 (MIATb3; $100; $5,5 млн; 3 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 22 қазанынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 20 мамырында 20,0 млн АҚШ доллары сомасына тіркелген бірінші облигациялық бағдарлама шегінде екінші болып табылады.

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ "МеталлИнвестАтырау" ЖШС-тың қаржылық кеңесшісі болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-10-22]