21 қазаннан бастап "ALTA Telecom" ЖШС ("AЛTA Teлeкoм") KZ2P00015282 (ALTAb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 21.10.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 13 қазанында "ALTA Telecom" ЖШС ("AЛTA Telecom") (Алматы) KZ2P00015282 (ALTAb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 21 қазанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
"Alta Telecom" ЖШС ("АЛТА Teлeкoм") қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы 2025 жылдың 25 тамызында 5,0 млрд теңге сомасына тіркелген бірінші облигациялық бағдарлама шеңберінде бірінші болып табылады.
"ALTA Telecom" ЖШС ("АЛТА Телеком") қызметінің негізгі түрі – ақпараттық- коммуникациялық жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-10-21]