21 қазан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 23 қазанда болатын МЕОКАМ KZK200000778 (MOM060_0055) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 21.10.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 23 қазанда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің KZK200000778 (MOM060_0055) мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕОКАМ) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда- саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 5 115 821 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 99,3246 % (кірістілік – жылдық 17,15 %) деңгейінде белгіледі.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 23 қазанда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 5 жыл МЕОКАМ KZK200000778 (MOM060_0055) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-10-21]