KZ
3 қараша 2025, 10:23
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.10.2025 14:47 #Қаржы құралдары

22 қазаннан бастап "HAYAT CAPITAL" Ломбарды" ЖШС KZ2P00015266 (MFHCb1) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

/KASE, 21.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 22 қазанынан бастап "HAYAT CAPITAL" Ломбарды" ЖШС KZ2P00015266 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFHCb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 17.10.25 – 17.10.27; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне аударылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

[2025-10-21]