KZ
29 қазан 2025, 13:55
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.10.2025 10:16 #Қаржы құралдары

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ KZ2C00003457 (KKGBb13) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 21.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 21 қазанынан бастап "Қазақстан Халық Банкі" АҚ KZ2C00003457 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KKGBb13; 1 000 теңге, 200,0 млрд теңге; 21.10.15 – 21.10.25; жылдық купон, жылдық 9,50%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE тізімінен шығарылғанын хабарлайды.

Көрсетілген облигациялар 2015 жылдың 08 қазанынан бастап "Өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болған. Олармен сауда-саттық 2016 жылдың 14 қаңтарынан бастап ашылған.

[2025-10-21]