KZ
3 қараша 2025, 06:48
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.10.2025 15:28 #Қаржы құралдары

21 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында The Coca-Cola Company US1912161007 (KO_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 20.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 21 қазанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 01 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, The Coca-Cola Company (АҚШ) US1912161007 ("KASE Global" секторы, (KO_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 01 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 03 желтоқсанынан бастап қайта басталады.

[2025-10-20]