Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011067 (MFRFb12) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 20.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 20 қазанынан бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011067 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb12; 1 000 теңге, 6,0 млрд теңге; 19.04.24 – 19.10.25; ай сайынғы купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2024 жылдың 09 сәуірінен бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 19 сәуірінен бастап ашылды.
[2025-10-20]