Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00008647 (LZGRb4) және KZ2C00012854 (LZGRb10) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 17.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 17 қазанынан бастап "Лизинг Групп"АҚ-ның келесі облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:
- KZ2C00008647 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb4; $1 000, $2,4 млн; 16.10.25 – 16.01.26; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, жылдық 10,00 %; 30/360);
- KZ2C00012854 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb10; $1 000, $5,0 млн; 16.10.25 – 16.10.26; жарты жылдық купон, жылдық 10,00 %; 30/360).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-10-17]