KZ
17 қазан 2025, 18:06
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.10.2025 19:38 #Сауда-саттық ақпараты

08 қазан күні Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ бес жылдық XS3204113354, US48129VAG14 (BRKZE22) халықаралық облигацияларды жылдық 4,85 % кірістілікпен орналастыра отырып, $31,1 млн тартты

/KASE, 16.10.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың 08 қазанында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның XS3204113354, US48129VAG14 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZe22) халықаралық облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраным параметрлері және KASE-де жазылу нәтижелері келтірілген.

Аталған облигацияларға жазылу кезінде KASE-де қазақстандық менеджер ретінде "ForteFinance" АҚ әрекет етті.

СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

--------------------------------------------- ------
Қатысушылар саны:                             6     
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді): 11 / 8
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары:  48,1  
----------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 96,7 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 3,3 % тиесілі болды.

РЕЗУЛЬТАТЫ РАЗМЕЩЕНИЯ:

---------------------------------------------------- ------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің, облигациялардың     31 500 000  
көлемі:                                                          
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары:    31 138 380,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                   3           
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:      3           
Сатып алушы үшін өтеуге облигациялардың кірістілігі, 4,8500      
жылдық %:                                                        
-----------------------------------------------------------------

Орналастыру кезінде барлық көлемді банктер сатып алады.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес KASE-де көрсетілген облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды.

[2025-10-16]