KZ
16 қазан 2025, 02:51
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.10.2025 16:51 #Клирингілік орталықтың жаңалықтары

17 қазаннан бастап төрт атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

/KACC, 15.10.25/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылдың 17 қазанынан бастап жартылай қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және жартылай қамтамасыз етілген мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) келесі облигациялар енгізілгенін хабарлайды:

1) KZ2C00012144 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb87) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ – Т+ Тізімі;

2) KZ2C00015535 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb16) "ҚазАгроҚаржы" АҚ – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі;

3) KZ2C00015543 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb17) "ҚазАгроҚаржы" АҚ – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі;

4) XS3189694345 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKe2) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі.

Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ

[2025-10-15]