Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15 қазаннан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00015865 (CCBNb38) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 15.10.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 13 қазанында "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00015865 (CCBNb38; $10 000, $50,0 млн; 360 күн; 30/360) дисконттық облигацияларын негізгі алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 15 қазанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-10-15]