KZ
16 қазан 2025, 12:28
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.10.2025 14:06 #Қаржы құралдары

15 қазаннан бастап "Смартолет Финанс" МҚҰ" ЖШС облигацияларының алты шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 15.10.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 13 қазанында "Смартолет Финанс" МҚҰ" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00015308 (MFSFb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 % ; 30/360);

2) KZ2P00015639 (MFSFb2; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 % ; 30/360);

3) KZ2P00015647 (MFSFb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 % ; 30/360);

4) KZ2P00015316 (MFSFb4; $100, $2,0 млн; 3 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 % ; 30/360);

5) KZ2P00015654 (MFSFb5; $100, $3,0 млн; 3 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 % ; 30/360);

6) KZ2P00015662 (MFSFb6; $100, $3,0 млн; 3 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 % ; 30/360).

Листингтік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 15 қазанынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

KZ2P00015308, KZ2P00015639 және KZ2P00015647 облигацияларының шығарылымдары 2025 жылдың 26 тамызында 10,0 млрд теңге сомасына тіркелген бірінші облигациялық бағдарлама шеңберінде бірінші–үшінші болып табылады.

KZ2P00015316, KZ2P00015654 және KZ2P00015662 облигацияларының шығарылымдары 2025 жылдың 26 тамызында 10,0 млн АҚШ доллары сомасына тіркелген екінші облигациялық бағдарлама шеңберінде бірінші– үшінші болып табылады.

"Смартолет Финанс" МҚҰ" ЖШС қызметінің негізгі түрі – микрокредиттер беру.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-10-15]