KZ
16 қазан 2025, 07:10
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.10.2025 12:05 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан қор биржасындағы МБҚ сауда-саттығы 6,8 трл теңгені құрады

/KASE, 15.10.25/ – 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан қор биржасында (KASE) МБҚ-мен жасалған сауда-саттық көлемі 6 789,7 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,2 %-ға төмендеді.

2024 жылдың сегіз айлық (сәуір-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда- саттық көлемі 20,7 %-ға өсті.

Төмендегі кестеде 2025 жылы биржалық нарықтың көрсетілген секторындағы сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2024 жылдың салыстырмалы деректері келтірілген.

-------------------------------------------------------
Жыл,       Бастапқы нарық   Қайталама нарық*   Барлығы*
ай                                                     
---------- -------------- ------------------ ----------
2025, I             286,1              281,5      567,5
2025, II            514,5              156,1      670,5
2025, III           614,4              340,1      954,5
2025, IV            599,3              191,8      791,1
2025, V             688,1               91,2      779,3
2025, VI            630,0              136,1      766,1
2025, VII           731,5              123,4      854,9
2025, VIII          671,7              119,6      791,2
2025, IX            522,4               92,1      614,5
------------------------- ------------------ ----------
Барлығы           5 257,9            1 531,7    6 789,7
------------------------- ----------------- -----------
2024, I-IX        5 352,1            1 453,3    6 805,5
тренд, %             -1,8               +5,4       -0,2
-------------------------------------------------------
* репо операциялары нарығындағы мәмілелерді қоспағанда.

[2025-10-15]