Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15 қазаннан бастап KASE-де "СФК "СМК ФФ-1" ЖШС KZ2P00014632 (SFKFb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 14.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 15 қазанынан бастап "СФК "СМК ФФ-1" ЖШС KZ2P00014632 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, SFKFb1; 1 000 теңге, 1,1 млрд теңге; 09.10.25-09.04.30; ай сайынғы купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-10-14]