KZ
16 қазан 2025, 20:16
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.10.2025 11:22 #Қаржы құралдары

14 қазаннан бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС облигацияларының үш шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 14.10.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 13 қазанында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) келесі облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00015613 (MFRFb22; $100, $5,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталады;30/360);

2) KZ2P00015837 (MFRFb23; 1 000 теңге; 5,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталады; 30/360);

3) KZ2P00015845 (MFRFb24; 1 000 теңге; 5,0 млрд теңге; 3 жыл; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталады; 30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 14 қазанынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

KZ2P00015613 облигацияларының шығарылымы 2025 жылдың 15 қыркүйегінде 30,0 млн АҚШ доллары сомасын тіркелген үшінші облигациялық бағдарлама шегінде бірінші болып табылады.

KZ2P00015837 және KZ2P00015845 облигацияларының шығарылымдары 2025 жылдың 04 шілдесінде 30,0 млрд теңге сомасына тіркелген екінші облигациялық бағдарлама шегінде екінші және үшінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-10-14]