14 қазаннан бастап "Tin One Mining" АҚ (Тин Уан Майнинг) KZ1C00000595 (SRBT) жай акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 14.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2025 жылдың 13 қазанындағы шешімімен KASE ресми тізімінен K"Tin One Mining" АҚ (Тин Уан Майнинг) Z1C00000595 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, SRBT) жай акциялары алынып тасталды.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 14 қазанынан бастап күшіне енеді.
Бұл шешім "Tin One Mining" АҚ (Тин Уан Майнинг) KASE ресми тізімінен көрсетілген акциялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды.
Аталған акциялар 2011 жылдың 22 тамызынан бастап үшінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторында болды. Олармен сауда-саттық 2011 жылдың 21 қарашасынан бастап ашылды.
[2025-10-14]