KZ
14 қазан 2025, 01:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.10.2025 15:34 #Қаржы құралдары

14 қазанынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912828V491 (US108_2701) халықаралық облигацияларымен KASE-дегі сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 13.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 14 қазанынан бастап есептесу күні 2026 жылдың 14 қаңтарына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің US912828V491 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US108_2701) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла туратынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2026 жылдың 14 қаңтарында көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

Аталған облигациялар бойынша KASE-дегі сауда-саттық 2026 жылғы 16 қаңтардан бастап қайта басталады.

[2025-10-13]