Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012206 (MFLGb2) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 13.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 13 қазанынан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012206 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFLGb2; 1 000 теңге, 600,0 млн теңге; 11.10.24 – 11.10.25; ай сайынғы купон; жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды.
Аталған облигациялар 2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 қазанынан бастап ашылды.
[2025-10-13]