KASE 2025 ЖЫЛДЫҢ 05 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ
/KASE, 10.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылдың 08 қазанындағы "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2025 жылдың 05 қарашасынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі анықталғанын (бұдан әрі – Тізім) хабарлайды.
Көрсетілген шешімге сәйкес 2025 жылдың 05 қарашасынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.
--------------------------------------------------------------------- Акция ---- --------- ------ # р/с коды ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі* ----- ----- ------------ ---------------------- ---- --------- ------ 1 AIRA KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ 41,9 1,0000000 5,2 2 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 48,2 0,9851239 18,2 3 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ 30,5 0,2707558 14,3 банкі" АҚ 4 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 1,0000000 9,8 5 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ 15,0 1,0000000 2,6 6 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК " АҚ 2,6 0,9863485 14,8 7 KSPI KZ1C00001536 АҚ "Kaspi.kz" 31,7 0,1081144 12,8 8 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" 25,0 0,2087622 17,3 ҰАК " АҚ 9 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 19,2 1,0000000 3,5 10 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 1,4 --------------------------------------------------------------------- * Fi, Ri параметрлері, үлесі 2025 жылдың 09 қазанындағы жағдай бойынша көрсетілген.
Комитеттің 2025 жылдың 03 қарашасындағы шешімі күшіне енгенге дейін Fi, Ri параметрлері және үлесі 2025 жылдың 31 қазанындағы сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша қалыптасқан акциялардың бағасына және 2025 жылдың 01 қазанындағы еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептелетін болады.
Индексті есептеу үшін көрсетілген параметрлердің өзгеруі туралы ақпарат 2025 жылдың 03 қарашасында жарияланады.
КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ
ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.
Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.
Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.
Fi – 01.07.25 ж.б. еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 31.07.25 ж.б. тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.
Үлесі – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының ағымдағы үлесі. Пайызбен көрсетіледі.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-10-10]