KZ
9 қазан 2025, 20:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.10.2025 15:07 #Сауда-саттық ақпараты

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-тың KZ2C00015246 (AGKKb23) облигацияларына жазылым жүргізу 09 қазаннан 10 қазанға ауыстырылды

/KASE, 09.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-тың KZ2C00015246 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, AGKKb23) облигацияларына төменде көрсетілген талаптармен (Астана қ. уақытымен) ж жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыруды сауда-саттықты өткізу бастамашысының өтініші негізінде 09 қазаннан 10 қазанға ауыстырылғанын хабарлайды.

"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ осы облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде әрекет етеді.

-----------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                      купондық облигациялар          
ISIN:                                   KZ2C00015246                   
KASE сауда-саттық коды:                 AGKKb23                        
Номиналды құны, теңге:                  1 000,00                       
Шығарылым көлемі, теңге:                                               
- тіркелген:                            100 000 000 000                
- орналастырылған (номиналы бойынша):   18 599 000 000                 
Айналыс баталған күн:                   21.08.25                       
Айналыста болатын соңғы күн:            25.08.26                       
Өтеу басталатын күн:                    26.08.26                       
Айналыс мерзімі:                        370 күн                        
Купондық мөлшерлеме:                    жылдық 18,25%                  
Купон төленетін кезең:                  Айналым мерзімнің соңында 1 рет
Купон төлеу басталатын күн:             26.08.26                       
Уақыттық базасы:                        actual/365                     
--------------------------------------- -------------------------------
Жазылу жүргізілетін күн:                10.10.25                       
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге: 30 000 000 000                 
Сатып алуға берілген өтінім түрі:       шектелімді                     
Өтінім қабылданатын уақыт:              10:00–10:30                    
Бір облигацияның бағасы, теңгемен:      1 000                          
Мәміле жасалған күн мен уақыт:          10.10.25, 11:10                
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 10.10.25, 11:10                
-----------------------------------------------------------------------

Осы жазылу жүргізудің талаптарына сәйкес көрсетілген облигациялардың Сатушысына жария етілетін инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы кіреді:

Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің "қор" санатындағы мүшелері арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізеді.

Бағалы қағаздарға жазылу жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-10-09]