08 қазаннан бастап KZ2C00015444 (PRKRb12) "Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 08.10.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 03 қазанында "Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00015444 (PRKRb12; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 1,5 жыл; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 08 қазанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
"Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Standard инвестициялық компаниясы" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-10-08]