06 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық инвестициялық банктің US298785JW79 (EIB_e3) халықаралық облигацияларымен сауда-саттығы тоқтатылды
/KASE, 03.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 06 қазанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылдың 05 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Еуропалық инвестициялық банктің US298785JW79 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы; EIB_e3) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2026 жылдың 05 қаңтарында көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген облигацияларымен сауда-саттық 2026 жылдың 08 қаңтарынан бастап қайта басталады.
[2025-10-03]