KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясының қыркүйек айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI шолуын жариялады
/KASE, 03.10.25/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2025 жылдың қыркүйе айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100% еншілес компаниясы) қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пікірлері келтірілген.
"Қыркүйекте Қазақстанның қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік пен жаңа тапсырыстардың өсуі оң сипатта сақталғанымен, қарқыны алдыңғы айлармен салыстырғанда айтарлықтай бәсеңдеді. Жалпы алғанда, баяулау үшінші тоқсан бойы байқалды. Бұған орташа сұраныс, шығындардың үздіксіз өсуі, ұлттық валютаның әлсіреуі және жұмыспен қамтудың қысқаруы ықпал етті. Бәсекенің күшеюі қызмет бағалары мен тарифтерінің өсуін тежеуде, бұл маржиналдылықты қысқартып отыр. Келесі жылдың басында жаңа салық ережелерінің күшіне енуі нарық қатысушыларының көңіл-күйіне барған сайын айқын әсер етуде. Нәтижесінде, бір жылдық күтулер соңғы екі жылдан астам уақыттағы ең төменгі деңгейге дейін төмендеп, компаниялардың келешекке қатысты бағалауларында сақтық танытатынын көрсетт".
Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ
Орыс тіліндегі шолу – толығырақ
Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ
[2025-10-03]