KZ
7 қазан 2025, 06:25
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.10.2025 18:00 #Сауда-саттық ақпараты

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ XS3193828368 халықаралық облигацияларына жазылым жүзеге аспады деп жарияланды

/KASE, 01.10.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның XS3193828368 халықаралық облигацияларын оларға жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді.

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ берілген өтінімдер бойынша қанағаттанарлықсыз қалыптасқан бағаға байланысты бұл жазылым жүзеге аспады деп жариялады.

[2025-10-01]