KZ
6 қазан 2025, 00:22
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.10.2025 15:51 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылдың қыркүйегіндегі KASE акциялар нарығына шолу

/KASE, 02.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолу жасайды.

2025 жылдың қыркүйек айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 76 эмитенттің 89 атаудағы акциялар болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атаудағы акциясы "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналымға жіберілді.

2025 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 40,2 трлн теңгені ($73,3 млрд) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 0,6 трлн теңгеге немесе 1,6 %-ға жоғары.

----------------------------------------------------------
                         30 қыркүйек  29 тамыз      Δ Δ, %
------------------------ ----------- --------- ------ ----
Капиталдандыру, млрд KZT   40 211,80 39 578,90 +632,9 +1,6
Капиталдандыру, млн USD    73 273,56 73 599,56 -326,0 -0,4
----------------------------------------------------------

Қыркүйек айында акциялармен сауда-саттық көлемі 27,0 млрд теңгені құрап, тамызға қатысты 9,0 %-ға немесе 2,2 млрд теңгеге ұлғайды. Сауда- саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1,3 млрд теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 13 203 теңгені, бір мәміленің орташа көлемі – 97,5 мың теңгені құрады. Қыркүйек айында биржалық сауда-саттық тек қайталама нарықта өтті.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде үлесіне акциялармен сауда-саттықтың жалпы айналымының 62,0%, банктердің үлесіне – 2,4 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 11,7 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,2 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 21,6 % тиесілі жеке тұлғалар неғұрлым белсенді болды. Бейрезиденттердің үлесі – 7,4 % құрады.

KASE Индексінің мәні қыркүйек айында 2,2 %-ға артып, айдың соңына қарай 7 149,42 тармақты құрады.

2025 жылғы қыркүйекте индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 23,4 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тамызындағы көрсеткіштен 3,3 млрд теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі – 7,1 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 30,5%) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның жай акцияларына тиесілі болды*.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------
                                         Соңғы мәміленің бағасы,  Сауда-саттық көлемі *, Капиталдандыру**,
                                               бір акцияға теңге               млн теңге        млрд теңге
         Free Индекс-тегі  -------------------------------------- ----------------------- -----------------
       float,      үлесі,                             с 01.01.25                                          
            %          %* 30 қыркүйек  29 тамыз  Δ, %       Δ, % қыркүйек    тамыз  Δ, %       на 30.09.25
------ ------ ----------- ----------- --------- ----- ---------- -------- -------- ----- -----------------
 KZAP    25,0        16,7   28 449,99 24 896,00 +14,3      +41,0  1 944,8  1 728,3 +12,5           7 382,1
 KMGZ     2,6        14,8   21 939,99 20 100,00  +9,2      +50,1  1 055,2  1 281,2 -17,6          13 295,8
 AIRA    41,9         5,2      812,77    746,00  +9,0       -0,9  3 285,5    927,7  x3,5             289,2
 KZTO    10,0         1,4      864,00    810,97  +6,5       +5,4    755,0    607,4 +24,3             328,2
 KEGC    15,0         2,6    1 475,01  1 441,90  +2,3       -3,4    415,6    321,2 +29,4             406,9
 CCBN    48,2        18,5    5 110,50  5 121,00  -0,2       x2,3  6 236,8  4 305,9 +44,8             911,8
 KCEL    34,1         9,8    3 300,00  3 397,00  -2,9       -3,8  1 257,9    444,0  x2,8             659,2
 HSBK    30,5        13,9      354,60    367,70  -3,6      +38,3  7 131,4  8 105,6 -12,0           3 858,0
 KZTK    19,2         3,5   39 200,00 41 149,99  -4,7      -10,5    352,1  1 011,0 -65,2             430,8
 KSPI    31,7        13,5   47 500,00 50 480,00  -5,9      -12,9    967,1  1 321,8 -26,8           9 087,6
Индекс      –           –    7 149,42  6 993,05  +2,2      +28,2 23 401,3 20 054,0 +16,7                 –
KASE                                                                                                      
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
* ірі мәмілелер мен тұрақты емес сипаттағы мәмілелерді есепке 
алмағанда
** артықшылықты акцияларды ескере отырып, компанияны 
капиталдандыру

[2025-10-02]