KZ
6 қазан 2025, 11:04
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.10.2025 18:08 #Сауда-саттық ақпараты

24 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ бес жылдық XS3189694345 (BTRKe2) халықаралық облигацияларын жылдық 4,85 %-бен орналастырып, $34,7 млн тартты

/KASE, 01.10.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ XS3189694345 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "халықаралық облигациялар" санаты, BTRKe2) облигацияларын жазылым арқылы орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижелері келтірілген.

Аталған облигацияларға жазылу кезінде KASE-де бірлескен букраннерлер ретінде "Alatau City Invest" АҚ, "Halyk Finance" АҚ, "Teniz Capital Investment Banking" АҚ әрекет етті.

------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                       
------------------------------------------------ -----------
Қатысушылар саны:                                13         
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді)     42 / 20    
оның ішінде:                                                
– шектелімді                                     39 / 18    
– нарықтық                                       3 / 2      
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары:     239,0      
оның ішінде:                                                
– шектелімді                                     208,0      
– нарықтық                                       31,0       
------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,          
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.            

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне - 74,1 %, брокерлік–дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,1 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,4 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 23,3 %, жеке тұлғалардың үлесіне - 0,1% тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

----------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,           35 000 000  
облигациялар:                                                   
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары: 34 692 350,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                4               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:   3               
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі,    4,8500         
жылдық %:                                                       
----------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 88,6 % – банктер, 11,4 % – басқа институционалдық инвесторлар сатып алды.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

[2025-10-01]