Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZ2D00014982 (EABRb56) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 01.10.25/ –Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 02 қазанынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00014982 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb56; 1 юань, 100,0 млн юань; 29.09.25-28.12.25; actual/365) дисконттық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – Қытай юаны.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-10-01]