KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясының Қазақстанның өңдеу салаларының қыркүйек айындағы PMI шолуын жариялады
/KASE, 01.10.25/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2025 жылдың қыркүйегіндегі Қазақстанның өңдеуші салаларының іскерлік белсенділік индексіне (ІБИ) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100% еншілес компаниясы) қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пікірлері келтірілген.
"Қыркүйек айында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде аралас динамика байқалды. Жаңа тапсырыстардың өсуі қайта басталғанымен, өнім шығару қарқыны тезірек төмендеді. Бұған қойма қорларының азаюы, логистикалық шектеулер жағдайындағы әлсіз сатып алулар, персоналды қысқарту және валюта қысымы әсер етті. Инфляция баяулауда, бірақ әлі де баға саясатын және кәсіпорындардың қаржылық мүмкіндіктерін шектейді. Сұраныстың артуы аясында алдағы жылға деген күтулер өткен аймен салыстырғанда жақсарды".
Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ
Орыс тіліндегі шолу – толығырақ
Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ
[2025-10-01]