"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еурооблигациялар шығарылымын халықаралық және жергілікті нарықтарға сәтті орналастырды
/KASE, 30.09.25/ – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (KASE тикері – BTRK) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2025 жылғы 24 қыркүйек, сəрсенбіде Бəйтерек Холдингі 500 млн АҚШ доллары сомасына жəне 5 жыл мерзімге кіріс мөлшерлемесі 4,85 %, купондық мөлшерлемесі 4,65 % болатын еурооблигациялар шығарылымын сəтті орналастырды.
Жаңа шығарылым дүйсенбі, 22 қыркүйекте жарияланды, содан кейін АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа жəне Азия инвесторлары арасында кең маркетингтік науқан басталды. Екі күн ішінде 40-қа жуық инвестор Холдингпен кездесті. Ағымдағы жылдың мамыр айында Холдингтің еурооблигацияларының дебюттік шығарылымының арқасында көптеген инвесторлар Холдингпен таныс болды.
Инвесторлардан оң пікірлер алғаннан кейін өтінімдер кітабы 24 қыркүйек, сəрсенбіде ашылды. Орналастыру көлемінен 4 есе асқан қатты сұраныс аясында мəміленің кірістілігі 4,85% деңгейінде белгіленді.
Аймақтар бойынша инвесторлардың кең ауқымы арасында аллокацияның таралуы келесідей: 38% АҚШ, 28% Континентальды Еуропа, 26% Ұлыбритания, 7% Қазақстан жəне 1% Таяу Шығыс жəне Азия.
Еурооблигациялар қолайлы нарықтық жағдайдың, жоғары өтімділіктің жəне инвесторлардың айтарлықтай қызығушылығының арқасында сəтті орналастырылды.
Шығарылымды J.P. Morgan, Societe Generale, Alatau City Invest, Halyk Finance жəне Teniz Capital Investment Banking ұйымдастырды. Холдингтің еурооблигациялары Вена қор биржасының (Wiener Börse AG) жəне «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) листингіне енгізілген.
Орналастыру Холдинг үшін халықаралық нарықтардағы позицияларды нығайтуға жəне стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру үшін инвестициялық ресурстарды кеңейтуге бағытталған маңызды стратегиялық қадам болды. Қарыз алу мөлшерлемесі АҚШ мемлекеттік облигацияларына +114 б. п. жəне егеменді еурооблигацияларға +35 б. п. рекордтық төмен спрэдті құрады.
дәйексөздің соңы
Қазақ және орыс тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2025-09-30]