Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында "Робокэш.кз" МҚҰ ЖШС KZ2P00010291 (MFRCb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 30.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 қыркүйегінен бастап "Робокэш.кз" МҚҰ ЖШС KZ2P00010291 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFRCb1) "Робокэш" МҚҰ ЖШС облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2025 жылдың 29 қыркүйегіндегі "Робокэш.кз" МҚҰ ЖШС микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуын екі ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешіміне байланысты тоқтатылды.
[2025-09-30]