Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Азия даму банкінің XS3145682491 (ASDBe21) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 30.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 01 қазанынан бастап Азия даму банкінің XS3145682491 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe21; 23 533 572 000 теңге; 15.08.25-17.09.28; жартыжылдық купон, жылдық 17,00%; 30/360) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-09-30]