Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01 қазаннан бастап NTPro KASE алаңында есептесуі Т+1 және Т+2 мерзімдерімен жүзеге асырылатын валюта нарығының биржадан тыс мәмілелеріне клирингілік қызмет көрсетуге қабылдау уақытын ұзартады
/KASE, 30.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 01 қазанынан бастап NTPro алаңында есептесуін Т+1 (TOM) және Т+2 (SPT) мерзімдерімен жүзеге асырылатын валюта нарығының биржадан тыс мәмілелерін клирингілік қызмет көрсетуге қабылдау уақыты Астана қ. уақытымен сағат 20:00-ге дейін ұзартылатыны туралы хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, валюта нарығындағы биржадан тыс сауда-саттық тәртіптемесі NTPro электрондық сауда алаңын ASTS+ (валюта нарығы) сауда-клирингілік жүйесімен интеграциялау есебінен пайдалана отырып жасалған шетел валютасымен биржадан тыс мәмілелерге пост-трейдингілік қызмет көрсетуге арналған.
[2025-09-30]