30 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының екi шығарылымымен сауда саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 30.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 қыркүйегiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесерінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) US91282CCJ80 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_85_2606), есеп айырысу күні 2025 жылдың 30 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2026 жылдың 05 қаңтарынан бастап қайта басталады;
2) US912828YX25 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US105_2612), есеп айырысу күні 2025 жылдың 30 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2026 жылдың 05 қаңтарынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-09-30]