Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ XS1273497385 (KTGAe1) халықаралық облигацияларын өтеді
/KASE, 29.09.25/ – "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ (KASE тикері – KTGA) 2025 жылдың 23 қыркүйегінде XS1273497385 (KTGAe1) халықаралық облигацияларын өтеп, облигациялар бойынша соңғы – 20-шы купондық сыйақыны төледі.
Төлем сомасы 5 187 500 000 теңге құрады, оның ішінде негізгі борыш– 5 000 000 000 теңге, 20-шы купондық сыйақы – 187 500 000 теңге болды.
[2025-09-29]